ШҚО-да «Балалар жылы» салтанатты түрде басталды

Бүгін Өскеменде білім, ғылым, өнер, спорт саласында өлкенің атын шығарып, намысын қорғап жүрген дарынды балаларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел президенті жариялаған «Балалар жылы» салтанатты түрде бастау алды. Облыс әкімі Даниал Ахметов өрендермен жүздесіп, сұхбат өткізді. Барлық талантты жасқа диплом мен алғысхат табыстады. Шығысқазақстандық дарынды балалар осылар. Бірі  IT, бірі сурет, енді бірі спорт пен ғылым саласынан үздік атанып, облыс мақтанышына айналғандар. Ең кішкентайы – Тоқтарғазы Әлихан, бар болғаны 10 жаста. 5-6 сыныптар арасында өткен республикалық олимпиаданың жеңімпазы болашақта тіл маманы болуды армандайды. Бүгін арнайы дипломмен марапатталды.

Әлихан Тоқтарғазы олимпиада жеңімпазы:

– Мен мектептік, қалалық, облыстық республикалық олимпиадаға қатыстым шахматтан олимпиадаға қатыстым. Мен болашақта ағылшын тілі мұғалімі программист  болғым келеді,бұйырса 6 класты аяқтағанда НИШ-ке барамын.

Дарындылардың әрбірінің айтарлықтай жетістігі бар. Жалпы өткен жылы балалар да, жастар да талай ірі додадан жеңіспен оралды. Тек қана оқушылар 208 медаль тағып қайтты,оның ішінде 120-дан астамы алтын мен күмістен. Әсіресе білімқұмар жеткіншектердің тіл білуге деген ынталары қуантады.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

Болашақтың фундаменті үштілділік,үш тілді біздің балалар білсе ертең болашақата+барша дүниежүзіне балаларға бәсеке боларына үлкен сенім бар.

Өңірдегі жастар да WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатынан жүлделі орындарды ешкімге бермей келеді. Өткен жылы студенттер 27 медальмен оралып, 13 алтын,5 күміс алқа тағып қайтты.

Авторлары: Эльмира Ахметова.Дмитрий Пыхтин