Қарағанды облысында Қасым ауылындағы мектеп құлауға шақ тұр

Қасым ауылындағы орта мектептің іргетасы 1989 жылы қаланған. Көп кешікпей қабырғалары жарыла – бастайды . Себебі әу баста құрылыс орыны дұрыс таңдалмаған, - дейді ауыл тұрғындары. Білім ошағының асты бір кездері терең шұңқыр болыпты. Кейін оны топырақпен тегістеп, үстіне мектеп салған. Ал 2005 жылы қауіп төнген соң темірмен тартып тастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат Оспанқұлов, №19 мектептің директоры:

Қазір енді осыдан күн ысығанда қабырға қайтадан қалпына келеді. Аязда ашылғанын біз байқап отырмыз. Оны біз фотоға түсіріп жылда-жылда аудандық білім бөліміне хабарлама түсіріп отырамыз мектептің осындай авариялық жағдайда екенін. Төбедегі плиталар майысып сондай жағдайлар болды. Осыдан неше жыл бұрын біз математика кабинетінің екі плитасы майысқан соң үш жыл қатарынан сол классты жауып қойғанбыз. 02:50-02:52 Қауіпті енді. Бірақ біз қайда оқимыз.

Мамандар өткен жылы ғана мектептің техникалық жағдайына сараптама жасап, апатты деген қорытынды шығарады. Құжатта тіпті, кешікпей сүрілу қажеттігі де айтылған. Бірақ соған қарамастан қазір мұнда 200-ден астам бала оқып жүр. Ал 70-ке жуық адам жанын шүберекке түйіп еңбек етуге мәжбүр.    

Құмар Әшімов, мектептің шаруашылық жетекшісі:

Қабырғаны тескен кезде, мында тоқтың жүйесі бар ғой, соның бәрін істемеген. Оны ағытпаған. Мектептің төбесінен су өткен кезде, қабырғаның бәрі дымқыл болған кезде біздің техперсоналдар, еден жуушылар қолдарымен мына қабырғаны ұстаса тоқ соғады. 

Билік басындағылар бұл жағдайдан хабардар. Мұнда жаңа мектеп 2022-2025 жылдар аралығында салынуы тиіс екен. Бірақ алты ай өтті, әлі күнге құрылыстың жобалау сметалық құжаты дайын емес. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының берген жауабында құжаттың мемлекеттік сараптамасы осы күнге дейін шықпаған.

Азамат Дәулетбаев, Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты:

Салады деп айтады. Бірақ әлі ПСД-сы дайын емес, то анасы дайын емес. Биыл салмаса 23-те салады, 2023-те салмаса 24-те салады, 2024-те салмаса 2025-те салады дейді. Сөйтіп шегіндіре береді.

Ниязбек Шаймерден, Қ.Аманжолов ауылдық округінің әкімі:

Жер комиссиясының қорытындысы шықты. 200 орындық жаңа мектеп салу жөнінде, біздің тарапымыздан өкім шықты. Кадастрлық номері бәрі біздің қолымызда бар. Техникалық шарттар жасау керек болды, ол жарыққа, байланысқа және су жүйесіне. Ол құжаттары да қазір дайын. Тек қана ақша бөлінуін ғана күтіп отырмыз.

 Мамандардың айтуынша, екі қабатты жаңа мектеп салу үшін шамамен 1 миллиард теңге қаражат қажет. Бірақ ол қашан бөлінеді, әзірге белгісіз. Ал ауыл балаларына апатты мектепте оқудан басқа амал жоқ.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайран Ақамбаев, Зарина Зұлпыхар