ТМД-ның үздік 100 педагогі марапатталды

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үздік 100 мұғалімі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болашақ ұрпақ тәрбиесі мен білім саласын дамытуға үлес қосып жүрген жүздеген мұғалім бақ таласып, үздіктер марапатқа ие болды. Ұйымдастырушылардың мақсаты – ТМД педагогтері арасында байланыс орнату мен біліктілік арттыру. Әсіресе, ауыл мектебі ұстаздарының еңбегі еленгені оқу сапасын арттырып, кәсіби дамуға ықпал етеді, – дейді шараға қатысушылар.

Жанат Тасқожина, «ТМД-ның үздік педагогі-2022» марапатының иегері

Бұл мұғалімдердің еңбегін бағалайтын марапат. Жалпы «Алты алаштың басы қосылса,төр ұстаздікі». Осындай төрден орын алып, үздіктердің үздігі атанып, ТМД-елдерінің үздік педагогі атанып жатырмыз. Әрі қарата жұмыс жасауға үлкен мүмкіндік береді.

Саят Нәбиев, «Білім өркениеті» ҰИҒЗО басшысының орынбасары:

– Қазақстанның әр түпкірінен келіп жатқан педагогтер. Сонымен қатар көршілес Ресей мемлекетінен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан педагог-ұстаздар қатынасты. Бұл байқау екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде электоронды портфолио жіберді өздерінің жеткен жетістіктерін. Екінші кезең бойынша ол кісілер арнайы тест тапсырып, үздік деп танылған педагогтер бүгінгі іс-шараның барысында марапатталып жатыр.

Сондай-ақ...