Оқушылар зағип жандарға арналған ерекше бас киім жасап шығарды

Талдықорғандық оқушылар зағип жандарға арналған ерекше бас киім жасап шығарды. Оның көмегімен көзі нашар көретіндер қалада емін- еркін жүріп тұра алады. 

Осы шлемді киеді. Сондықтан кейін адамдардың құлаққаптарға дауыс жіберіледі.  

Бас киімге бекітілген бейнекамера 180 градусты көрсетеді. Көшеде келе жатқан адамдарды, бағдаршамдар мен көліктерді және де өзге де заттарды анықтап айтып отырады. Әзірге оны қолдану қолайсыз болғандықтан Виктор Кахно бастаған жас дарындар жобаны жетілдіріп жатыр.

Виктор Кахно, жоба авторы:

- Болашақта біз шлемді көзілдірікте айналдырамыз. Және адамдар оны оңай қолдануға болады. Көзілдіріктің ішіне кішкентай камера қойылады, камерадан видео поток серверге жіберіледі. Сосын құлаққаптарға дыбыс сигнал жіберіледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмыс тіршілігін жеңілдететін  құрылғыны жас өнертапқыштар 4 айда жасап шығарған. Оны екі бірдей республикалық байқауға ұсынып жеңімпаз атанды. Соның нәтижесінде білім ордасын бітірмей жатып-ақ олар жоғарғы оқу орнында тегін оқу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Максим Сулин, жоба авторы:

- Біз бұл жетістікпен тоқтап қалмаймыз. Болашақта біз осындай проектіні халықаралық сатыларға көтеріліп комерциализацияны процесті бастаймыз.

Мектепте оқушылардың қолынан шыққан 50 ден аса әртүрлі құрылғы бар. Тың бастамалар республикалық байқауларда үздік деп танылғанымен одан ары дамытылмай қалады. Сондықтан жасөспірімдердің жобасына жүйелі қолдау көрсетілсе,- дейді үйірме жетекшісі. 

Николай Авдюнин, робототехника үйірмесінің жетекшісі:

- Қазақстандағы ірі бизнес өкілдері тарапынан жас таланттарға  тұрақты түрде түрде қаржылай қолдау көрсететін қор құрылса деген ойымыз бар. Сол арқылы стартап жоба иелеріне демеушілік жасалса олар ісін ілгерлетіп, жетілдіретін еді. 

Жас дарындар қазір медицина саласында қолдануға болатын робот жасап жатыр. Оны Еуропада өтетін өнертапқыштардың халықаралық бәсекесіне апарып, өз жобасын ғалымдардың алдында қорғайтын болады.    

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев