470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шымкентте 11 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді

  • 125
  • UPD: 23:07, 25.05.2022

Бүгін Шымкенттегі барлық мектепте дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу жылын 240 мыңнан астам оқушы аяқтап, жазғы демалысқа шықты. Бұл өткен жылға қарағанда 1 мың 200-ге артық.

№90 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында бұл мереке айрықша сән-салтанатымен тойланды. Озат оқушылар оқу жылын табысты аяқтап, шаһар мерейін асырды. Республикалық түрлі додаларда топ жарып, 67 оқушы пәндік олимпиадаларда жүлделі орыннан көрінді. Үздік мектептің түлектерін қала әкімі арнайы құттықтады.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Түлектерге табыс тілейміз. Алдағы өмір жолында сүрінбей, ақ жолмен жүруіне бәріміз тілектеспіз.

Ал мектепке келгеннен-ақ білімге ұмтылған Әлихан Темірханның жүзінен қимастық пен қобалжу байқалады. Ол «Алтын белгіге» үміткер 12 түлектің бірі.

Әлихан Темірхан, Жас түлек, «Алтын белгіге» үміткер:

- География, математика сабақтарын кішкентай кезімнен жақсы оқыдым. 11 жыл бойы оқыған білімімді ҰБТ жақсы нәтиже көрсетіп, «Алтын белгіні» ақтағым келеді.

Биыл Шымкентте 11 мың 189 оқушы мектеп бітірді. Оның 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. 453 оқушы - «Алтын белгіге» үміткер.

Әліш Рыскелді, қалалық білім басқармасы басшысының м.а:

- Мектептің меншігіне қарамастан барлық 1-4 сынып оқушыларына тегін тамақ берілуде. Сонымен қатар былтырғы жылмен салыстырғанда аз қамтылған отбасылар, асыраушысынан айрылған балаларымыз бар. Барлығы 100% тегін лагермен қамтылатын болады.

Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 25 мектеп салынды. Биыл оның қатары тағы 17 білім ордасымен толығады. Осылайша жаңа оқу жылында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы