478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Абайдың ұстазы болған ақынның құрметіне конференция ұйымдастырылды

  • 151
  • UPD: 00:20, 27.05.2022
Абайдың ұстазы болған ақынның құрметіне конференция ұйымдастырылды

Қазақ поэзиясының негізін қалаған ақын Дулат Бабатайұлының еңбектері халық арасында кеңінен насихатталмай жатыр.

Филология ғылымдарының доценті Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, тұлға есімі патша және кеңес дәуірі кезінде ел тарихының беттерінен өшірілді. Қазір мектеп бағдарламасында ақын туындылары дұрыс оқытылмайтын көрінеді. Өйткені жастар бұл кісінің шығармаларынан бейхабар. Дулат Бабатайұлының өмір жолын зерттеп жүрген ғалымдар бірлесіп, насихат жұмыстарына белсенді атсалысуы керек- деді Серікзат Дүйсенғазы. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет Абайдың ұстазы болған ақынның 220 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды. Дулат Бабатайұлы ел тұтастығы мен халық бірлігі тақырыптарын жиі қозғап, қазақ қоғамын өлеңге арқау еткен еді.

Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті:

- Дулатты біз қоғамда насихаттай алмай отырмыз. Ол біздің кінәміз. Бүгінгі конференцияның мақсаты да сол. Мектепте қаншалықты оқытатынын білмеймін. Қосымша сабақ болса ғана. Дулат негізі пәнде, оқулықта аса кереметтеп насихаттап оқытып жатқан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы