Озат оқушылар Ақордаға саяхат жасады

Елдің әр өңірінен келген 34 озат оқушы Ақордада болды. Оларға арнайы сый-сияпат жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар Елорданың өзге де көрікті жерлерін аралап, танымдық экскурсияға қатысты. Айта кету керек, бұл сапарға көп балалы отбасылардың және зияткерлік байқауларда озық шыққан жеңімпаздар іріктеліп алынған.

Сындар  Дауешова,  қалалық Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары:

Балалар үлкен әсер алды. Біздің қонағжайлығымызды көріп қана қоймай өздеріне үлкен жауапкершілік алды. Үлкен жауапкершілік ата-анасын, ұстазын , елін қуанту үшін ең бастысы сапалы білім, саналы тәрбие алуға үлкен уәде беруде.