Қазақ инженерлері Кореяда оқып жүр

Бұл корей ұлттық университетінде мыңға жуық шетелдік студент оқиды. Бірақ олардың арасында Қазақстаннан санаулы адам ғана бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі елдің білім министрліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандум бойынша өзара студент алмасып, білім жетілдіруге мүмкіндік бар. Сол құжаттың нәтижесін көретін күн де алыс емес. Биыл Таңғы шық елінен келетін студенттерге отандық университеттер 20 грант бөліп отыр.

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Корея республикасындағы елшісі:

- Корея Республикасы қазір біз үшін Азия аймағында ғана емес, жалпы дүниежүзінде басты серіктестердің бірі. Мысалы, Корея қазір Қазақстанның барлық сауда серіктестері арасында 4-орында. Сондықтан, менің ойымша, бұл жақсы мүмкіндік. Біз индустрияландыру бағдарламасы аясында машина жасау және автомобиль инженерлерін даярлаумыз қажет. Оған қоса Қазақстанда корей көліктерін шығаратын және құрастыратын бірнеше автозауыт бар.

Қазір Кореяның жоғару оқу орындарында 700 қазақстандық студент оқиды. Пандемия басталмай тұрған кезде мұнда 1 мыңға жуық отандасымыз білім алған. Енді сол көрсеткішке қайта жету көзделген. Ол үшін Сеулдегі мына университет қазақстандықтарды тегін оқытып, жатақханамен қамтамасыз етеді. Тіпті, стипендияны төлеуге дайын.

Хван Сун Ен, Корей ұлттық университетінің менеджері:

- Сіздің үкіметіңіз индустриялық даму бағдарламаны дайындап, өз мамандарын дайындап жатқанын білеміз, біздің университет қазақстандық ғылыми жобаларды жүзеге асыруда серіктес бола алады деп ойлаймыз. Біз зерттеушілерді жақсы қолдаймыз. Мысалы университет ішіндегі зерттеулер үшін 2 миллион 600 мың доллар,  ал бірлескен зерттеулерге 32 миллион доллар қарастырылған.

Ұлттық университет Қазақстандағы 5 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Енді қос тарап өзара тәжірибе алмасады. Біздің елде Корей ұлттық университетінің филиалын ашу мәселесі де қарастырылып жатыр. Әзірге ғылымы мен технологиясы дамыған бұл елдің университеттерімен бірлескен оқу орны жоқ екен.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян