БҒМ бөлінгенімен жұмыс азайған жоқ – Министр Аймағамбетов

Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінгенімен жұмыс азайған жоқ.

Бұл туралы жаңадан құрылған Оқу-ағарту министрлігін басқарған Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Айтуынша, ведомствоның жүктемесі көп. Мәселен, 7 жарым мың мектепте 3 миллион 600 мың бала білім алып жатыр. Тағы 1 миллион бүлдіршін балабақшаға барады. 800 колледж бен қосымша білім беру мекемелері жаңа министрлікке қарайды.

Асхат Аймағамбетовтің пікірінше, өткен 3 жылда жоғары білім беру саласында біраз жұмыс атқарылды. Әсіресе оқыту сапасы төмен мекемелерді лицензиядан айыру процесі айтарлықтай нәтиже берді, деді ол.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Жалпы оқу орындарында, екіншіден, әлсіз бағыттар болса, нақты тиісті мамандықтар бойынша лицензиядан айырдық. Сол жақсы болып қалды. 3 жылдың ішінде біздің ЖОО осындай жұмыстарын жөндеп алды. Материалдық-техникалық базасын, мұғалімдерін жөндеп алды. Сабаққа келмеген балаларын сабаққа келетіндей қылды.