Қазақстандық өнертапқыштар жүк тасымалын жоспарлауды автоматтандыру жүйесін жасап шығарды

Назарбаев Университетінің түлегі Әнуар Серсембиновның жобасы осы бағыттағы басқа бес стартаптың ішінде үздік атанды. Ол жүк тасымалындағы логистиканы жеңілдетіп адами факторды азайтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі экономикалық тұрғыдан да тиімді дейді өнертапқыштар. «Multi Code» жүйесі вагондар паркінің операторларына арналған. Ол – жүк тасымалдауды тиімді жоспарлауға бағытталған ІТ инновациялық шешім. Бұл бастама қазір жеке компанияда енгізіледі. Алдағы уақытта оны ірі логистикалық кәсіпорындарға ұсыну жоспарланған.

Абзал Дәрібаев, «Nuris» инновациялық класстерінің инновациялық даму директоры:

- Осы өнім оларға вагондарды тапсырушыларды арасында тарату мүмкіндігін береді. Математикалық модельдеу арқылы, жасанды интеллект арқылы мыңдаған вагондарды жақсы тарату мүмкіндігін береді.

Сондай-ақ...