Ауыл балалары бақ сынайтын «IQanat» Олимпиадасының финалы өтіп жатыр

Ауыл балалары бақ сынайтын «IQanat» Олимпиадасының финалы өтіп жатыр

Елордада "IQanat" қоры ұйымдастырған Олимпиаданың ақтық кезеңі өтіп жатыр.

Әу баста бұл сайысқа 36 мың оқушы қатысуға ниет танытқан. Барлығы шалғайдағы елді мекендерде білім алып жатқан балалар. Солардың тек 750-і ғана ақтық кезеңге өтті. Енді солардың арасынан 100 үздік оқушыны іріктеп алу көзделіп отыр. Байқау жеңімпаздары IQanat мектебінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады. Білім ордасы Бурабайда орналасқан.