Елордада «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Ауыл оқушылары арасында өткен байқауға ұзын-ырғасы 36 мың бала қатысқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іріктеу кезеңіне 750 оқушы жолдама алған. Оқуда озат атанған олар қиын пәндерді қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Жарысқа қазылық еткендер қара үзіп шыққан 100 оқушыны бүгін марапттады. Олар енді «Iqanat» қоры ашқан мектепте тегін білім алады. Іріктеу кезеңіне өткен өзге оқушылар да назардан тыс қалмайды. Білікті ұстаздар оларды ұлттық біріңғай тестілеуге тыңғылықты дайындаймыз дейді.