loader


«Асыл мұра» өнер мектебі бес бағыт бойынша жұмыс істейді – елорда

«Асыл мұра» өнер мектебі қыркүйек айынан бастап жұмысқа кіріспек. Оқу ордасында 200 оқушы білім ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саналы ұрпаққа сапалы білім қажет. Заман осыны талап етіп тұр. Ақпарат ағымы сәт сайын жаңарып отырған уақытта енді мектеп қабырғасындағы білім аздық етеді. Бүгін қосымша білім көкжиегін кеңейтсек, бәсекеге қабілетті болашақтың іргетасын қалағанымыз болмақ. Елордадағы «Asyl mura» орталығы да осы мақсатта ашылды, дейді мамандар. Мұнда ұлттық аспаптар, сурет, ән, би және театр өнеріне арналған сыныптар бар.

Фархат Сәбиев, қалалық №1 өнер мектебі МКҚК директоры:

Театр бөлімі бізде тегін болады. Яғни 17 бала тегін оқиды оған 12 жастан бастап қабылдаймыз. Бітіргеннен кейін мемлекеттік стандартқа сай куәлік алып шығады. Қалған бөлімдерде 6-7 жастан бастап қабылданады. Оның бағасы қала әкімі бекіткен 10 мың теңге.

Оқу ордасы толық заманауи құрылғылармен қамтылған. Онда барлығы 12 мұғалім жұмыс істейді. Мамандар әр сынып бағытына қарай сапалы жабдықталғанын айтып отыр.

Гүлмира Қаракүшікова, мұғалім:

– Қыркүйек айында 200-ге жуық оқушы қабылдауға дайынбыз. Қабылдау тамыз айында жүреді. Бірінші қазанға дейін жалғасады. Бізде оқушылардың егер олар музыкалық аспаптарға түсетін болса, олардың есті, музыканы сезіну қасиетін тексеріп аламыз, биге келетін болса, дене бітімін қараймыз. Суретке келсе, алдын ала суретін жіберсе болады.

Жалпы өнер мектебі білім кеңістігінде 39 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл –білім ордасының Нұр-Сұлтан қаласындағы №17 филиалы. Мұнда бүгінгі күні 1044 оқушы білім алады. Мамандар жаңа оқу орындарын  оқушыларға қолайлы болу үшін қаланың шеткері бөліктерінен ашуға көңіл бөліп отыр.

Авторлары: Бекзат Аманов, Диас Ковланбаев

Сондай-ақ...