Сенатта ғылымды дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады

Сенатта ғылымды дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылады.

Бұл туралы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Жоғарғы палата төрағасы бүгін «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» тақырыбына арналған оқыту форсайт-сессиясына қатысып, ғылым саласын заңды тұрғыдан реттеуге атсалысатынын жеткізді. Ғылым, техника мен инновацияны дамыту Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті дейді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, Парламент Сенатының Төрағасы:

- Біз Қазақстанның ғылымы мен білімін дамыту мәселелері бойынша ғалымдармен, сарапшылармен, мүдделі институттармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Осы саладағы құқықтық базаны жетілдіру бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл бағытта күзде Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Қазақстанда ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін бәріміз бірге нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін.