476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда оқу ақысы қымбат – қазақстандықтар

  • 196
  • UPD: 18:39, 03.07.2022

Көпшіліктің оқу бағасына келгенде пікірі екіге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатары сапалы білім беретін университеттерде оқу ақысының қымбат болуы заңды. Себебі білікті кадрлар дайындау оңай шаруа емес, дейді. Қарсы тарап оған келіспейді.

Гүлжанат Мергенбайқызы, Алматы облысының тұрғыны:

- Баламды ақылы оқытайын деп жатырмын. Менің, барлық ата-ананың ойы ақылы бөлімде оқитын балалардың бағасы көтерілмесе деген ұсынысым бар. Бағаларын көріп жатырмыз мына жерде университеттердің. сол бағалар 4 жыл бойы сақталса деген жеке өзімнің ойым.

Дәурен Ердіханұлы, түлек:

- Мен таңдап отырған универлердің ішінде барлығы бірдей. Бірақ бірінші жылға 1млн 250, екінші жылға 1 млн 400 мың теңге,үшінші жылға 1 млн 600 мың сияқты. Барған сайын көтеріле береді.

Жастардың дені оқу іздеп Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына келеді. Кәсіптік бағдар беру мамандарының айтуынша, оқу ақысы елдегі экономикалық жағдайға байланысты өсіп отырады. Бұл қалыпты құбылыс. Бірақ мемлекеттік болсын, жекеменшік университет болсын баға студент оқуды бітіргенше сақталуы тиіс.

Диас Асанов, мамандық нұсқаушы:

- Бірінші курсқа түскен студенттің жыл сайын бағаның өсуі бұл меніңше дұрыс емес нәрсе. Меніңше, мұны фиксация жасау керек. Яғни бірінші курсқа түскен студентке сол бағада 4 жыл бойы оқуы керек деп ойлаймын. Егер Астана мен Алматыда орташа бағасы млн плюс болса жылына , ал өңірлерде басқа қалаларда мысалы Қарағанды болысын Ақтөбе болсын, Өскемен болсын жақсы униведе 600-700 мың теңгенің шамасында болады.

Сарапшылардың пікірінше, түлектердің көбі  грант қай салаға көп бөлінеді, соған барады. Ол тіпті сол  кәсіпті қаламаса да таңдайды. Бағаға бұл да әсер етуі мүмкін. 

Абат Ерназаров, компанияның Маркетинг бөлімі басшысы:

- Қалада өскен оқушы ата-анасы бар туысқандары бар әр түрлі мамандықтарды естіп көруі мүмкін. Ал, ауылда өскен оқушы асып кетсе, 4-5 мамандықты естіп өседі. Ол мұғалімдік. Ол медицина, ол полиция, ол пожарный деген сияқты.Ауылда басқа амандықтар кездеспегендіктен басқа мамандықтың немен айналысатынын да білмейді. Сондықтан  оқушылар айналып келіп оқушылар медицина мен мұғалімдікті таңдайды.

Ал, ғылым және жоғары білім министрлігі заң бойынша білім беру құнын университеттердің өздері белгілейтінін айтып отыр. Яғни оқу орын  жыл сайын инфляцияны есепке ала отырып бағаны қайта қарап, көтере алады. 

Ержан Әмірбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі департаменті директорының орынбасары:

- Заңға сәйкес жоғары оқу орындары шекті шекті мөлшерді де төменгі мөлшерді де өзлдері анықтайды. Ондай құзіреттілік жоғары оқу орындарына берілген. Тиісінше халықтың талапкерлердің талап тілегін ескере отырып жыл сайынғы шекті мөлшерлі төменгі мөлшерді олар мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитын талапкердердің, студенттірдің оқу ақысы сәйкес анықтап, бағамдап отыратыны жағдайлары бар.

Оқу ақысы сұранысқа ие мамандықтарға жоғары. Соңғы жылдары ақпараттық техногия, жалпы медицина, шет тілінің оқытушысы, менеджмент және басқару, ақпарттық қауіпсіздік сияқты 5 мамандық топ басында тұр. Биыл да солай.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы