Түлектердің 32% шекті балл жинай алмады – ҰБТ

Биыл ҰБТ тапсырғандардың 32 проценті немесе 50 мыңнан астам бала шекті балл жинай алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері мұны сұрақтарды құрастыру жүйесінің өзгеруімен байланыстырады. Ал 103 мыңнан астам түлек шекті балл жинады. Ал 600-ге жуық бала түрлі себептерге байланысты тестілеуден шеттетілді. Республика бойынша ҰБТ кезіндегі бейнежазбалар Ұлттық тестілеу орталығына түседі. Ол жасанды интеллект бағдарламасымен тексеріледі. Егер тәртіпбұзушылықтар анықталса, Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ сертификатының мерзімі аяқталғанша, яғни желтоқсан айына дейін тестілеу нәтижесін жоя алады. Тіпті мемлекеттік грантты да қайтарып алуы мүмкін.

Руслан Емелбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры:

– Бұл пост мониторинг бейнежазбалар тағы да тексерістен өтеді. 31 желтоқсанға дейіне талдау жасалынады. Егер тыйым салынған заттарды немесе ҰБТ кезінде ереже бұзғаны анықталса, талапкердің сертификаты жойылады. Егер ол грант иегері болса, грантынан айрылып қалу қауіпі де бар.