Қызылорда мен Ташкент IT саладағы әріптестігін нығайтты

Сыр өңірінің жоғары технологиялар ісіне жауапты мамандары Өзбекстан астанасында келіссөз жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ташкент кейінгі жылдары ай-ти мамандарды көптеп даярлап келеді. Жұмыс орындары жеткілікті. Мәселен АҚШ компанияларының арнайы өкілдігін ашып, сервистік жұмыстарға өзбекстандық жастарды қабылдап жатыр. Арнайы IT мектептер де бар. Онда жүздеген өрен бағдарламалау ісін меңгеріп жүр. Сыр мамандарының да ұсынатын тәжірибесі жеткілікті. Бір парасы бірлескен жоба ретінде қолға алынуы мүмкін.

Әсетхан Баймұрза, бағдарламалау мектебінің құрылтайшысы:

- Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған үлкен жобаларымызды айти саладағы өзбек бауырларымызбен бірлесіп жүзеге асырғым келіп тұр. Оқушыларға білім инновациялық айти лагерь болады. Ол біріншіден Ташкентте, сосын Қызылордада болады. Осыған келісім алдық.

Алмат Қуанышбаев, бағдарламашы:

- Ташкентте тауар жеткізуге арналған тиімді бағдарлама бар. Қосымша біздің өңірге барлық жағынан қолайлы болып отыр. Қолданысқа енгізгіміз келеді. Мақсатымыз сырбойылық оқушылардың осындағы IT мектепте білім алуына жағдай жасау.