476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында 167 білім мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді

  • 558
  • UPD: 22:54, 14.07.2022
Түркістан облысында 167 білім мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді

Тізімде 98 балабақша мен 67 мектеп бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екеуі колледж. Бұл жерде оқу жоспарының орындалмауы, тіптен ұстаздардың кәсіби біліктілігінің төмендігі де ескерілген. Әлгі білім ордаларының басшылары әзірге ескертумен құтылды. Анықталған олқылықтар 1 жылда түзетілмесе, түлектерге құжат беру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Ең сорақысы, кейбір мектептерде «Педагог мәртебесі туралы» заңға қайшы әрекеттердің жасалғаны белгілі болды.

Ғалымжан Алматов, облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Газет-журналдарға мәжбүрлеп жаздырған. Концерттік іс-шараларға мәжбүрлеп апарған. Одан кейін сайлау болған уақытта мәжбүрлеп үй аралап, толтыру мақсатында бізге өтініш түсті. Соның негізінде мекеменің басшыларына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы