Елордада дарынды оқушылар марапатталды

Топ жарып, оза шапқан 100 оқушы «Ұлы дала дарыны» төсбелгісін тақты.

Олар ел ішіндегі және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары әрі өнерімен ерекшеленген үздіктер. Дарынды оқушылардың республикалық форумына қатысу үшін аймақтардан жас өрендермен қатар ұстаздары, ата-аналары да келді. Оқушылардың ғылымға қызығушылығын ояту, білімге ынталандыру – ортақ міндет, дейді шараны ұйымдастырушылар. Олимпиада мен байқау жеңімпаздары жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грант иелене алады. Ал бұл мүмкіндікті әсіресе жоғары сынып оқушылары қалт жібергісі келмейді. Марапатталғандар қатарында осындай грант иегерлері де бар. 

Диана Тайтанова, форумға қатысушы /Алматы облысы/:

- Өзіміздің жұмыстарымызды жіберген болатынбыз осы дарынды оқушыларға. Лайықты болып есептелініп, төсбелгімен марапаттталып жатырмыз. Қуаныштымыз, біз үшін үлкен мотивация. 2021 жылы пікірсайыс клубының 8 бірдей оқушысы еліміздің ЖОО-ға грант иеленді, соның бірі менмін.

Саят Нәбиев, "Білім өркениеті" ҰИҒЗО Басшысының орынбасары:

- Республикамыздың әрбір түпкіріндегі оқу озаттарын, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында Республикалық дарынды оқушылар форумын ұйымдастырып жатырмыз. Негізгі мақсаты оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын ояту, патриоттық сезімдерін күшейту.