Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады

Оқу-ағарту министрлігі бұл арқылы мұғалім мен оқушының күнделікті оқу жүктемесін азайтуды көздеп отырғанын айтады.

Қосымша оқу аптасын енгізу арқылы ұстаздардың жұмыс тиімділігін арттырмақ. Күрделі тақырыптарды қаузауға уақыт көп болады. Әдетте алты күн оқитын мектептер жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауысады. Сала мамандары, бұл тәжірибе әбден зерттелген деп отыр. Тіпті,  ғылыми зерттеу жүргізіліпті.

Шолпан Каринова, ҚР Оқу-ағарту министрінің орынбасары:

- Осы оқу аптасын ұзарту білім сапасын жақсартуға да әсер етеді. Өйткені оқу сағаттары көбейеді. Мысалы жаратылыстану бағытындағы сабақтарда аптасына екі-ақ сағат бөлінеді. Биология, физика, химия, информатика т.б осы сабақтар екі ақ рет болады. 04,32 Сонымен қатар бұл жазғы каникулдарды азайтуға жол бермейді. Тек білім сапасын арттыруға көмегі тиеді. 

Алайда бұл жаңалықты естігелі әлеуметтік желі қолданушылары мен ата-аналар ұлардай шұлады. Бірден құп көргендер болмай тұр.

Біз енді шетелдің барлық жаңашылдығын қабылдай бермейміз ғой. Бірінші біздің менталитетіміз, табиғи орналасқан жерді де есептеу керек. Мысалы ыстық региондарда мамыр айының өзінде балаларға сабаққа бару қиындап кетеді.

- Шетелге еліктеп программаны өзгертуге мен қарсымын.

- Бұл дұрыс емес. Себебі балалардың психологиясы да 25 мамырда каникул деп үйреніп қалған. Одан кейін ешқандай интерес болмайды.

- Балам мектепке барады. Ата-ана ретінде бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Алдын ала каникул басталмай жатып айту керек еді.

Қазақстан әлемдегі оқу демалысы ең ұзақ,  130 күн болатын елдердің қатарына кіреді екен.  Ал өзге елдерде каникул мерзімі 80-нен 100 күнге дейін созылады. Министрік оқу аптасын ұзарту әлемдік тәжірибеде бар үрдіс деп отыр.

Авторы: Айнұр  Қуатқызы Арман Ақшабаев