Алматыда 19 мың оқушыға орын тапшы

Былтыр бұл көрсеткіш 33 мыңның айналасында болған. Жаңадан салынып, пайдалануға беріліп жатқан мектептер орын тапшылығы мәселесін шеше алар емес. Себебі жыл сайын оқушылар саны 14 мыңға дейін көбейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мегаполисте осы жылдың соңына дейін 18 білім мекемесі пайдалануға беріледі. Мамандардың айтуынша, Алматы қаласы табиғи өсім бойынша да, көші-қон бойынша да халық санының өсу қарқыны жоғары өңірлердің бірі. «Сондықтан осындай жағдай қалыптасып отыр», – дейді мамандар. Шаһарда балабақша мәселесі де өзекті. Қалада барлығы 75 мың 500-ден аса баланы қамтитын 866 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 200-ге жуығы мемлекеттік, қалғаны түгелдей жекеменшік. Бірақ осының өзі аздық етеді.

Әлия Сағиева, қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда Алматы қаласының 30 жылға дейін даму жоспары бар. Қазіргі таңда бірінші қыркүйекте 3 мемлекеттік мектеп ашылуға дайын тұр. Ол Қалқаман, Саялы, Томирис ықшам ауданында Алатау аудандарында және 5 мектеп салынуда Алматы қаласында. Алматы қаласында кішкентай балалардың саны 8-9 мыңға көбейіп отырған жыл сайын. Алматы қаласында 6-7 мың орын ашып отырмыз. Бұрыннан келе жатқан аудандарда балабақша салатын жер жоқ. Балабақшаларды көбіне сырт жақтан салып жатырмыз.