Құстың саңғырығы адамның кәдесіне жарады

Ғылым мен технология дамыған заманда құс саңғырығы да кәдеге жарады. Қазақстандық ғалымдар құстың қиын органикалық биотыңайтқышқа айналдырды. Енді құнарланған топыраққа шыққан өскін екі есе көп өнім береді. 

Наргиз Бекмағанбетова @GIZA_BEKMAGANBETOVA:

- Отандық ғалымдар құс саңғырығын кәдеге жаратып, құмды құнарлы топыраққа айналдырып жатыр. Мамандардың айтуынша, құс саңғырығы тез әсер ететін, құнды органикалық тыңайтқыш болып саналады.

Мына автоматты ферментер мен биореакторлардың көмегімен биологиялық сұйық дайындалады. Яки биоэнергетикалық кондырғының арқасында құс қиынан экологиялық таза тыңайтқыш шығаруға болады. Ғалымдар тың технологиямен өңделген қара топырақ құрамында өсімдікке қажетті минералдардың барлығы бар екенін айтады. 

Амандық Аюпов, инженер-технолог:

- Біздің инженерлер ферментарда микроорганизмдерді шығарады. Яғни тиімділігі жоғары микроорганизмдер негізінде құрылған биологиялық өнімдерді пайдаланып, құс саңғырығын органикалық тыңайтқышқа айналдырамыз. Алдымен қалдықтар 500 градуста қайнатылады. Одан кейін өнім кептіріледі. Бұл әрине ауылшаруашылық өнімдерінің өсімін, сапасын арттырады.  Мәселен, бидай өсірумен айналысатын шаруашылық тыңайтылған топырақтың арқасында 20-30 процентке артық өнім алады.

Бүгінде экологиялық таза тыңайтқышқа сұраныс артып келед. Мәселен, экологиялық таза өнім 12 млн жуық теңгеге сатылған.

Ұлжан Дулатова, "Ғылым қоры" АҚ жоба менеджері:

- Бұл жоба 2018 жылдан бері іске қосылды. Олар 300 млн теңгеге жуық грант ұтып алған. Сәтті жобаның арқасында бүгінде 35 млн теңгені өтеді. Айта кетейін, қор 150 ден аса жобаны жүзеге асырып келеді. Оның ішінде 120-сы нарыққа шықты.

Айта кеткен жөн, бұл өнім құс фабрикаларының да жұмысын едәуір жеңілдеткен. Себебі фабрикалардан шығарылған саңғырық полигондарға төгіліп келген. Қоқыс ретінде далаға төгілген үйінділер табиғи жолмен топыраққа айналуы ұзақ уақытты талап етеді. Одан бұрын құстың қиынан ауаға түрлі улы газ тарайды, - дейді мамандар. Ал бабын тапсаң, тезектен де жақсы табыс түседі. Қоршаған ортаға да пайдасы мол. 

Наргиз Бекмағанбетова, Ақылбек Есімсейітов