Халықаралық олимпиададан жеңген оқушыларға 4,5 млн теңге беріледі

4 жарым млн теңге. Білім олимпиадаларында топ жарған оқушыларға осынша сыйақы табысталады.

Бұған қоса еліміздегі жоғарғы оқу орындарының гранты да беріледі. Салаға жауапты министрлік осындай шешім қабылдады.

Шешімге сәйкес, халықаралық жарыстарда топ жарған оқушылар алтын медаль үшін 4 жарым миллион, ал күміс жүлдеге – 3 миллион, қола үшін 1 жарым миллион теңгеден алады. Сонымен қатар оқушыны дайындаған ұстазына да бір реттік төлем қарастырылған. Қазірдің өзінде қазақстандық оқушылар қоржынында 23 жүлде бар. Оның 3-еуі алтын.