Биыл 1-сыныпқа өтініш берушілердің 70% мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған

Сабақтың басталуына тура 1 ай уақыт қалды. Қазір елде 1-сыныпқа құжат қабылдау аяқталды. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын 400 мыңнан аса баладан өтініш түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат тапсырғандардың басым бөлігі Абай, Шығыс және Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында да 1-сыныпқа баратын балалар саны басым. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сай биыл құжат қабылдау 4 ай бойы жүрізілді. Өтініш берушілердің 70%-тен астамы мемлекеттік тілде білім алуды таңдаған. Құжаттар дәстүрлі және онлайн форматта қабылданды, оның 80%-і электронды тәртіпте жүрді. «Оқу жылының басталуына бір ай қалды. Енді мектептер оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруы керек», – дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.