Қарағанды облысында «Мектепке жол» акциясы Теміртаудан басталды

Қарағанды облысы бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы Теміртау қаласынан басталды.

Акция аясында аз қамтылған отбасы балаларына оқу жылына қажетті киім-кешек пен канцеляриялық заттар үлестіріледі. Барлық қажетті зат тек ата-аналардың арасынан ерік білдіргендер мен демеушілер есебінен жүргізіледі. Мысалы, Теміртау қаласында қазір аз қамтылған 3 мыңға жуық оқушы бар. Білім бөлімі оқу басталғанша барлығына қажет заттарын үлестіріп үлгірмек. Сондай-ақ өңірде жалпыға бірдей білім беру қоры аясында аз қамтылған санаттағы отбасы балаларына қаржылай көмек көрсету үшін өтініш қабылдау басталған.

Атап өткен жөн, Теміртау қаласында жалпы 30 мектеп бар. Оның 9-ы қазақ мектебі, 6-уы аралас мектеп, қалғаны орыс мектептері.

Әсемгүл Иманбекова, № 31 ЖББОМ директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Біздің мектепте 953 оқушы бар. Оның ішінде жағдайы төмен 86 оқушы бар. Сол құжаты бойынша ол балаларға жыл бойы все обуч бойынша материалдық көмек беріледі. Балаларға костюм, мектеп формасы, спорттық киім. Ал биыл бала жылы болған соң ата-ана картасына ақша түседі. Прожиточный минимум бойынша 38 мың 389 теңге карта есебіне түседі. Соған ата-ана өзі киім алып береді.