Елімізде 10 мың жатақхана орыны беріледі

Биыл елімізде студенттерге арналған 10 мың орындық 35 жатақхана пайдалануға беріледі. Ал өткен жылы 10364 орынға шақталған 49 жатақхана ғимараты тапсырылған. Жалпы 2018 жылдан бері ел бойынша 124 жатақхана пайдалануға берілген. Ал бұдан былай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жатақхана салу жобаларындағы қағазбастылық жойылады. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов студенттерді жатақханамен қамту мәселесіне арналған жиында осылай деді.

Биылғы оқу маусымы дәстүрлі форматта өтеді. Сондықтан білім алушыларды жайғастыратын орын тапшылығы туындауы мүмкін. Әсіресе еліміздің ірі жоғарғы оқу орындары шоғырланған мегаполистерде мәселе өзекті. Білім министрі Саясат Нұрбек Жоғарғы оқу орындары ректорларына барлық жатақханаларға ревизия жүргізіп, төсекорын санын ұлғайту жолдарын қарастыруды тапсырды.

СТУДЕНТТЕРДІ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТУ 

2022 ж

Орын - 10 000

Жатақхана - 35

 

2021 ж

Орын - 10 364

Жатақхана - 49

 

2018-2021 жж

Жатақхана - 124