Елімізде мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», – деп жазды Е.Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.