Педагогтер біліктілік курсынан кейін емтихан тапсырады

Биылдан бастап мектепке қабылданатын мұғалімдер өз пәні бойынша тестілеуден өтеді. Сынақты сәтті тапсырып, сертификат алғандар ғана жұмысқа орналасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни дипломды дәлелдеуі керек. Сондай-ақ біліктілікті арттыру курсын оқыған мұғалімдер емтихан тапсырады. Яғни сертификат оңды солды таратылмайды. Бұған қоса курстан өткен педагог алған білімін тәжірибеде қалай қолданып жатқанына моноторинг жүргізіледі. Қажет болса, курсты оқытқан маман қолдау көрсетеді. Педагогтердің біліктілікті арттыру мерзімі де бес жылда бір емес, үш жылда бір болып өзгерді. Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді. Оның айтуынша, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы түбегейлі өзгерді. Әр пән бойынша жаңа курстар енгізілген.