Елордада 11 жаңа мектеп ашылады

Жаңа оқу жылында елордада 11 мектеп ашылады. Осылайша 20 мың оқушыға арналған білім ордалары пайда болады. Бұл жайында қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда шаһар басшысы Тұран даңғылында салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты. Бұл білім ұясында 4 мың орын болады. Әкімнің айтуынша, құрылысқа тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жеке қаражат та тартылуда. Айта кету керек, соңғы 3 жылда елордада 34 мектеп салынған. Бірақ орын тапшылығы әлі де болса өзекті болып отыр.