Үш ЖОО-ға зерттеу институты мәртебесі беріледі

2025 жылға дейін Қазақстанда шетелдік бес университеттің филиалы ашылуы тиіс. Былтыр алғашқысы жұмысын бастаған.

Биыл қыркүйекте тағы үшеуі ресми түрде іске кіріседі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысында айтты. Ведомство басшысының мәліметіне қарағанда бізде жоғарғы оқу орындары бакалавр дайындауға басымдық береді. Мәселен, университет түлектерінің 92 проценті бакалавр, 5 проценті магистрант және доктарантураны аяқтағандардың үлесі тек 1 процент. Яғни оқыту деңгейі зерттеуші емес, педогогикалық күйде қалып отыр. Осыны жетілдіру үшін министрлік өңірлерде 20 университетте академиялық артықшылық орталығын құру бойынша шешім қабылдаған. Сондай-ақ үш жоғарғы оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі