Талапкер қабылдау комиссиясының қателігінен гранттан айырылып қала жаздады

Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне білім гранты бойынша емтихан тапсырған Жасмин Тастан 120 балл алса да конкурстан өтпей қалған.

Талапкердің оқуға түсеріне сенімді болған ата-анасы артынан таң-тамаша болып, жоғарыға арызданады. Іле-шала қабылдау комиссиясының маманы қателескені анықталды. Конкурс құжатында талапкер 120 емес, 107 балл алды деп көрсетілген. 

Артынша министрлік өкілдері талапкердің ата-анасынан кешірім сұрап, Алматыдағы беделді оқу орнынан білім гранты мен жатақханадан орын бөлетінін жеткізді. Ал құжат қабылдауда қателік жіберген маманға сөгіс жарияланды.