476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оқу жылы 2 аптаға ұзартылды

  • 424
  • UPD: 21:25, 15.08.2022

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешім бекітілді.

Осылайша алдағы оқу жылы 1-сынып үшін 35 аптаға жалғасса, 2-11 сыныптар 36 апта бойы оқиды. 31 қазаннан 6 қарашаға дейін 7 күн - бұл күзгі демалыс болып есептеледі. Қысқы демалыс 31 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында болады. Сондай-ақ, 18-ші және 26-наурыз аралығында оқушылар көктемгі демалысқа шығады. Ал 1-сыныптағы бүлдіршіндерге қосымша 7 күн демалыс беріледі. Оқу жылының аяқталуы 1 маусымға белгіленіп, жазғы каникул 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігінің бұл бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеу сатысында тұр.

ГРАФИКА:

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ

1 қыркүйек – 1 маусым

1-сынып – 35 апта

2-11 сынып – 36 апта

ДЕМАЛЫС

Күзгі – 31 қазан - 6 қараша

Қысқы – 31 желтоқсан – 8 қаңтар

Көктемгі – 18-26 наурыз

Хабар 24 телеарнасы