430-дан астам мектеп директоры ротацияланды

Жарты жыл ішінде 430-дан астам мектеп директоры жұмыс орнын өзгертті. Amanat партиясында өткен жиында білім беру вице-министрі Шолпан Каринова осылай деп мәлімдеді. Ротация бір ұйымда 4 жылдан астам жұмыс істеген балабақшалардың, мектептер мен колледждердің басшыларына қатысты жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ алдағы оқу жылына дайындық жұмыстары пысықталды. Биыл екінші сыныптың оқулықтары толық жаңартылады деді Шолпан Каринова. Ал оқушылардың демалысы бәз-баяғы қалпында қалады. Тек оқу жылы 31-ші мамырға дейін жалғасады.