«Зейінді мың бала» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды

Елде «Зейінді мың бала» әлеуметтік жобасының жеңімпаздары анықталды. Қайырымдылық қорлардың бірі ұйымдастырған шараға 1500-нан аса өтініш келіп түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатты іріктеуге бір апта уақыт жұмсалды. Ұйымдастырушылар арнайы сайтқа жолданған құжаттар арасынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан білімді балаларға басымдық берген. Жоба аясында қайырымды жандардың қолдауымен 30 млн теңге жиналды. Яғни мың балаға мектепке дайындалуға 30 мың теңге көлемінде сертификат табысталады. 

Балжан Ерланқызы, ұйымдастырушы:

- Зейінді мың бала қайырымдылық жобасы осы уақытқа дейін бір ай көлемінде өтті. Бізге 1500 аса өтініш келді. Ол өтініштер арасында мың адамды іріктеп алып, біз бүгінгі таңда марапаттап жатырмыз. Бұл республика бойынша. Үлкен жоба болғандықтан әлі де жалғасын табады деп ойлаймыз. Біз білімді жастарды әрқашан қолдаймыз.

Сондай-ақ...