Павлодар облысында екі мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

Павлодар облысында екі мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты.

Ақсу қаласына қарасты Сарышығанақ және Ертіс ауданының Голубовка ауылының білім беру ошақтарында жөндеу жұмыстары аяқталмай қалған. Оқушылар жергілікті мәдениет үйлерінде оқитын болады. Сала мамандары кешенді жөндеу шаралары 3-4 ай ішінде аяқталады деп сендірді. Айта кетейік, облыста қазіргі уақытта 46 мектепте күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұған 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 есе көп.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі:

– Ауыл мектебіндегі себеп, біріншіден, мемлекеттік сатып алу кеш өткізілген. Екіншіден, бір мердігер облыс деңгейінде бірқатар мектепті жөндеуге ұтып алған. Енді мына жерде күштері жетпеген бе, басқа да себептерге байланысты. Бірақ мен айтып отырмын ғой, 1,5-2 айдың ішінде осындай күрделі жөндеу жасалынбайды. Сапасына қайшы келеді.