Қазақстандық 27 оқушы қомақты ақшалай сыйлықтарға ие болды

Олар халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алған. Сыйақының жалпы сомасы 76 млн теңгеден асады.

Білімімен оза шапқан мектеп түлектері арнайы граннттар алды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын өзі арнайы құттықтады. Сондай-ақ бұл үрдіс жыл сайын дәстүрлі өткізілетінін айтты. Жеңімпаздарды дайындаған педагог-тәлімгерлер де ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

- Бұл Мемлекет басшысының дарынды балаларды қолдау бойынша жұмыстарды жүргізу жөніндегі тапсырмасының арқасында мүмкін болғанын айта кетейік. Биыл оқушылар қазақстандықтардың халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу тарихында рекордтық медаль жеңіп алды.