QazaqGaz компаниясы студенттерге арнайы стипендия тағайындады

QazaqGaz компаниясы Қаныш Сәтбаев пен Қазақ-Британ техникалық университеті студенттеріне арнайы стипендия тағайындады. Ол газ саласындағы болашақ мамандарды дайындауға арналған. Шәкіртақы ғылымға қызығушылығы жоғары әрі білімде озат студенттерге беріледі.

QazaqGaz компаниясы мен қос университет арасындағы меморандум аясында тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналастыру да қарастылған.

Еліміздегі газ саласы жақсы маманға мұқтаж. Осы мәселені шешу үшін заманауи бағдарламамен дайындалған, жоғары білімді жұмысшылар қажет. Осыған орай QazaqGaz компаниясы студенттерге арнайы стипендия тағайындады. Осы мақсатта ұлттық компанияның Басқармасы төрағасы мен Қазақ-Британ техникалық университеті және Қаныш Сәтбаев университетінің басшылары ортақ меморандумға қол қойды.

Санжар Жәркешов, "Qazaqgaz" ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:

- Бізге мамандардың мынандай пәндерді, мынадай мәселені білгені жөн, мынадай Soft-ты білгені жөн, деп өзіміздің білгенімізді айтамыз. Екіншіден, енді мынау ғылыми жұмыстар. Бізге өндіріске көптеген сұраныс көп, проблемалар бар. Сол пробелмаларды көрсетсек, олар проблемаларымзды шешуге тырысады деп ойламын.

QazaqGaz компаниясының қолдауымен ғылыми-техникалық орталық жасақталады. Онда арнайы стипендия иегерлері ғалыми жобаларын іске асыру үшін әртүрлі тәжірибелер жасай алады. Осы арқылы ұлттық компанияның жұмыс тәртібін түсініп, біліктілігін шыңдай түседі. Сонымен қатар ІТ, биотехнология, машина жасау және энергетика саласы да тереңдетіп оқытылады.

Мейрам Бегентаев, Satbayev University ректоры:

- Студенттер бірінші курстан бастап газ саласына қажетті білімді алады. Екінші курстан бастап өндіріс саласына ауысады. Үшінші, төртінші курста қалған сала бойынша білімін жетілдіреді. Нәтижесінде түлектер дайын маман немесе менеджер болып шығады.

Жыл сайын 1500 студент Сәтбаев университетінің мұнай-газ саласына оқуға түседі. Ал арнайы стипендияға лайықты шәкірттерді арнайы комиссия анықтайды.

Аршын Кемелжан, Эдуард Кон