Елімізде 80 жаңа мектеп есігін айқара ашады

Бүгін елімізде 80 жаңа мектеп есігін айқара ашады.

Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам білім ордасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мұны Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы, Атырау облыстары және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында білім беру мекемелері бой көтереді. Өңірлерде де 200-ден астам мектепке күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ал өткен жылы 277 мектеп пайдалануға берілген.