Өскеменде 44 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Өскемен қаласында 44 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. 

Өскемендік мектептер 1 қыркүйекті қандай дайындықпен қарсы алды?

Облыстағы, шалғайдағы ауыл аудан кенттерде жағдай қалай?Оқу жылын апатты немесе үш ауысымдық мектепте бастап жатқандар бар ма?

Эльмира Ахметова, тілші:

Гүл шоғын құшақтаған бүлдіршіндер,мектепке асыққан мұғалімдер,балаларын жетектеген ата аналар.Білім күні мінеки Өскеменде осындай бір әдемі қарбаласпен басталып жатыр.Жалпы бүгін бес мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Қазір біз қаладағы номер 46 мектептің алдында тұрмыз.Алғашқы қоңырау мерекесіне қызу әзірлік.(мүмкін сапта дайындалып тұрған бір балаға барып сұраймын көңіл күйін, ары қарай қайта орныма келем.) Енді бір жарты сағаттан соң  салтанатты шара басталады.Бұл мектептен тікелей қосылым жасауымыз бекер емес. Өйткені 46 мектеп соңғы он жылда салынған ең жаңа мектептердің бірі. Бірақ басты ерекшелік бұл да емес,. Қызығы-биыл бұл білім ордасына еең көп бірінші сынып жиналған екен нақтысын айтсақ 11 бірінші сынып жинақталыпты. Әзірге бұл қала бойынша рекорд боп тұр. 

 Зейіні ашылсын оқушыларыңыздың. Айта кетсем болады, өткен оқу жылын дәл осы мектептің 35 түлегі мем. грант иеленіпті. 

- Облыстағы, шалғайдағы ауыл аудан кенттерде жағдай қалай.Оқу жылын апатты немесе үш ауысымдық мектепте бастап жатқандар бар ма. 

Білім басқармасынан біз бұны сұрап білдік. Апатты немесе үш ауысымды мектеп өңірде жоқ екен. Шалғай жерлерде  жаңа білім орындары салынып жатыр. Мәселен биыл Риддер қаласында тәуелсіздік алғалы бергі алғаш рет  жаңа мектеп салынды. 

Енді бұған ескі мектептегі балалар кеп оқитын болады.Бұл білім ордасы керемет,кірсе шыққысыз.Заманауи жабықтар қойылған. Асханасынан бастап спорт залына дейін талапқа сай.??? бала қабылдай алады. Мұндай мектеп Риддерліктер үшін үлкен жаңалық.Үлкен қуаныш. Өйткені шаһарда апатты болмаса да ескі мектептер жетерлік.Тіпті ең көне мектеп ғимаратына 84 жыл болыпты.Ондай нысандарда спорт зал,акт зал,сынып бөлмесі жеке-жеке деген ұғым жоқ.Мысалы сыныпта қазір сабақ өтсе, түсте парталарын шығарып ол жерді акт залға айналдырып амалдайды екен. Тіпті кейбіріндегі спорт залдың аумағы 30 шаршы метр ғана. Бәрі өтее  тар.Қолайсыз. Енді мұндай ескі нысандар саны жыл сайын азая бермек Риддерде. Осы келер қыста тағы бір білім ордасының құрылысы басталады.