А.Аймағамбетов Президенттің былтырғы Жолдауындағы тапсырмалардың қалай орындалғанын айтты

Асхат Аймағамбетов Президенттің былтырғы Жолдауында айтылған тапсырмалардың қалай орындалғаны жайында есеп берді.

Министр былтырғы атқарылған жұмыс нәтижелерін баяндап, биылғы жоспарларға тоқталды.

Атап айтқанда, әлеуметтік осал отбасы балаларына арналған «Цифрлы ұстаз» жобасын іске асыру басталды. Сондай-ақ балаларға «Дарын», Білім Иновациялық Лицейі сияқты мамандандырылған мектептерде оқу үшін 15% квота берілді. Бұдан бөлек республикалық бюджеттен бөлінетін гранттар саны 45 мыңға ұлғайып, рекордтық көрсеткішке, яғни128 мыңға жетті. Сондай-ақ «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында 475 мың балаға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға берілетін материалдық көмек көлемі 17 мыңнан 37 мыңға дейін көбейтілді. Енді ақша тікелей ата-аналардың банктегі шотына аударылады.