Түркістан облысында 55 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды

Бүгін Түркістан облысында 55 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1500 балаға артық. Жалпы облыстағы мыңға жуық мектепте 511 мыңнан астам бала білім алады. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Жандос Жұмабек бізбен тікелей байланыста. Еліміз бойынша бала саны ең көп өңірде білім күні қалай атап өтіп жатыр? Жаңа оқу жылына дайындық қалай?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Баршаңызды бүгінгі 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы Түркістан өңірінде де ерекше дайындықпен басталды. Бүгін ауа райы да, ата-аналар мен оқушылардың да көңіл күйі өте тамаша. Ал 3 ай бойы шәкірттерін сағынған мұғалімдердің құшағы гүлге толып, жүздері бал-бұл жануда. Біз қазір Түркістан қаладағы жаратылыстану-математика бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейінде тұрмыз. Былтыр ғана ашылған 900 орындық білім ұясы оқу жылын 600 оқушымен аяқтаса, ал биылғы жаңа оқу жылын 1300 оқушымен қарсы алып отыр. Себебі бұл жаңа әкімшілік іскерлік орталығында бой көтерген алқашқы мектеп. Мұнда жаңа көпқабатты баспаналар көптеп пайдалануға берілгендіктен бала саны да артып отыр. Мұнда алғашқы қоңырау шарасы мектептің өз тәртібіне сай бастауыш пен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өтуде. Ал екінші ауысымда оқитын балалар түсте келеді. Жаңа мектеп-лицей оқушыларға заманауи бағытта білім береді. Мұнда барлық заманауи пән кабинеттері қарастырылған. Оқушыларға білікті ұстаздар тереңдетіп білім береді. Енді оқушылар мен ата-аналардың пікірін білсек.

Жаңа оқу жылы Түркістан облысында 10-нан жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жалпы облыста қазір 59 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биыл жыл соңына дейін соның 34-і пайдалануға беріледі. Оның 21-і бюджет қаржысы есебінен салынса, қалған 13-і жекеменшік мектеп. Жалпы қазір таңда облыста 200-дей мектеп жетіспейді. Сонымен қатар өңірде үш ауысымда 6, оннан аса білім беру талаптарына сай келмейтін ғимараттар да орналасқан мектеп бар. Жауаптылар оны алдағы үш жылда шешеміз деп отыр. Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу, бала тапшылығын жою мақсатындағы тапсырмасына орай, Түркістан облысында кезең-кезеңімен 199 мектеп салынады.