2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалмақ

Апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесінің шешілетіні сөзсіз. Алайда, білім сапасына да баса назар аудару керек. Бұл «Экономикалық зерттеулер институты», стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры Бақытгүл Хамбардың пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бақытгүл Хамбар, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры: 

 - Біздің кемшілігіміз не? Жақсы мақсаттар қоямыз, болжамдар жасаймыз. Бірақ оған қанша ресурс керек, қанша қаржылық ресурс керек. Оған бір идеальная методика дейді ғой. Әмбебап әдістеме бізде жоқ. Соған назар аудару керек.