Елордалық оқушылар музейде білім алмақ

Елордалық оқушылар енді мектеп қабырғасы емес, музейде білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аптасына 1 мәрте. Сабақ өтудің мұндай ерекше жолын ҚР Ұлттық мұражайы ұсынды. Бірақ барлық пәндерден емес. Тарихи экспонаттарды таныстыру арқылы оқушыларға білім беру әдісі тек «Қазақстан тарихы» сабағында қолданылмақ. Ол үшін әр мектеп бар-жоғы мұражай әкімшілігіне 2 апта бұрын өтініш беруі керек. Сөйтіп сол білім ордасының ұстазы мен музей қызметкерлері балаларға бірігіп, мектеп бағдарламасы аясында сабақ өтеді. Жобаға тек бесінші мен тоғызыншы сынып оқушылары қатыса алады.