loader


А.Байтұрсынұлының төте жазуы несімен құнды?

Ахмет Байтұрсыновтың қазаққа әкелген төте жазуы несімен құнды? Несімен артық?

Ғалым тар кезеңнің өзінде тайталасып жүріп қазіргі қазақ мектебінің негізін қалап кетті. Сол мектеп әлі күнге өзгеріске түскен жоқ. Бұл біз емес, ғалымдардың айтуы. Мұны өзімізден бөлек шетелдік ғалымдар да құптайды. Сөйтіп, Ахметтің тілі несімен ерекше? Ұлы ағартушының еңбектері ана тілімізді үйренудің ең озық үлгісі саналады. Жүз жылдан аса уақыт бұрын жазылған ереже әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Тек төте жазудан ғана ажырап қалдық.

Ербол Тілешов, "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Ахаң 28 дыбысты, 24 таңбамен береді, қатесіз береді. Сонымен қытайдың қазақтары әлі оқып отыр. Ал бүгін біз 42 әріппен жазуымызды бұзып отырмыз. Егер қарасаңыз ағылшынның дыбысы 45, таңбасы 26. Яғни таңба емес дыбыс көп.

Тіл мамандарының айтуынша, сол заманда Ахмет Байтұрсынұлы бекітіп кеткен тіл қазіргі қолданыстағы тілге қарағанда әлдеқайда сауаттырақ. Табиғатымызға да, тарихымызға да сай келеді. Қазақ тілін ұлы ағартушының ережесімен үйренген венгриялық Дәуіт Қара Шомфай да Ахметтің еңбегін ұлықтау керек дейді. Біздің тіл арқылы өзінің арғы бабасы қыпшақтарды зерттеп жүрген ол, қазақшасын қытайдағы қандастардан меңгерген. Тіпті, ұлт ұстазы бекіткен төте жазуды да біледі. Тек ұлттың тарихында кирилл тілінен бұрын төте жазудың болғанына қайран.

Дәуіт Қара Шомфай, түркітанушы:

- Біздің ата-бабаларымыз Венгриядағы қыпшақтардың тілі қазақ тіліне жақын. Және мадияр ұлтының атажұрты Батыс Қазақстанда болған деп білеміз. 04:20 Енді біз шашырап, басқа ұлттармен араласқан сайын біздің тіліміз жойылып бара жатыр. Кейбір жерде жойылған. Венгриядаағы қыпшақ тілі 18 ғасырда жойылып кеткен. Сонда біз бәріміз қазақтарға қараймыз. Қазақтар осындай тұлғалардың арқасында құдайға шүкір тәуелсіз ел болып, егемендікке қол жеткізген. 05:45 Дүниежүзіндегі қыпшақ тектес халықтардың болашағы енді Қазақстанда.

Түркі тектес ұлттардың біразы ана тілінен айырылып қалды. Енді бізге қарайлап отырғандары бар.  Ал қазақ тілінің тұғыры биік болуы - Ахмет Байтұрсынұлының айна-қатесіз сызып кеткен ережесінің арқасы. Бұлай деуге толық негіз бар. Себебі, қазіргі оқулықтардың барлығы ұлт ұстазының еңбегіне сүйеніп жазылады.

Ербол Тілешов, "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Жазбашасы жоқ, өзінің әліпбиі болмаған халыққа әліпби жасау, оның емлелерін шығару, яғни мына қоғамды ортаны халықтың өзін жазу арқылы тануға, бүгінде араб графикасын пайдаланбағанның өзінде біздің байқап жүргеніміз негізінен Ахмет Байтұрсыновтың ережелері. Яғни, жазу тәртібі Ахметтікі бүгінгі.

Ұлт ұстазының әзірлеп кеткен тіл құрылымы тіпті әлемдік деңгейде мойындалған әліпбилермен теңесе алады. Тек оны әрі қарай дамытып, өміршең қылу бізге қалған аманат.

Бекзат Аманов

Сондай-ақ...