Петропавлдағы Қозыбаев және Аризона университеттері қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосты

Петропавлдағы Қозыбаев пен Американың Аризона университеттері қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосты.

Алғашқы оқу жылына 170 түлек қабылданды. Олар биотехнология және IT мамандықтары бойынша жоғары білімді алады. Тегін. Осыған байланысты заманауи оқу – зертханалық корпус ашылды. 11 қабатты жаңа ғимараттың  құрылысына 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы – ректорының кеңесшісі:

- Бағдарламаның ерекшелігі – Қозыбаев университетінде оқиды, бірақ екі жаңағы дипломды соңғы курста мынау Американың Аризона университетіне барып, жаңағындай әрі қарай білімін жалғастырады. Содан кейін ең соңында дипломды жаңағы екі, қос білім бағдапрламасы бойынша алып шығады.