loader


Павлодар облысында түзету мекемелеріндегі мектептерде жаңа оқу жылы басталды

Павлодар облысында түзеу мекемелерінің жанындағы мектептерде жаңа оқу жылы басталды. 200-ден астам сотталушы орта білімнен кейін техникалық колледжге түсе алады. 

Ұрлық үшін сотты болған Мұрат Оспанов оныншы сыныпта оқиды. Бостандықта жүргенде орта білім алмай, ұрлықпен күн көрген. Енді қайтадан партаға отырып, мектеп бағдарламасын меңгеріп жатыр.

Мұрат Оспанов, жазасын өтеуші:

- Білімсіз күн көре алмадым. Жұмысқа ешқайда алмайды. Енді орта білім алуға мүмкіндік туды. Кейін колледжге түсіп, техникалық маман атанғым келеді. Бостандыққа шыққанда отбасымды асыраймын. 

Бұл мектепте 116 оқушы білім алады. Осы уақытқа дейін 400-ден астам азамат түлеп ұшып, жаңа өмірге жолдама алды.

Эдуард Аксюто, жазасын өтеуші:

- Мектептегі сыныптар жабдықталған. Мақсатым орта білім алу. Математика, орыс әдебиеті пәндерін жақсы көремін. Ақын-жазушылардың туындыларын сүйіп оқимын. 

Руслан Оспанов, түзеу мекемесі жанындағы мектептің оқу ісі меңгерушісі:

– Олар мектепке келгенде оқуды талпыныспен оқиды. Себебі білімнің қажеттілігін түсінген. Кеткенде бәрі «қайтып келмеймін» деп сондай уәде береді. Себебі білім алғаннан кейін, мамандық алағаннан кейін, әрине бостандыққа шыққаннан кейін жағдайлары күрт өзгереді. Себебі мамандықтары бар, отбасыларын асырауға мүмкіндік бар. 

Орта мектептен соң сотталғандар техникалық мамандық иесі атанады. Бүгінде  білім беру үш кәсіптік бағдарлама бойынша жүргізіледі. 

Серік Дәкенов, түзеу мекемесі жанындағы техникалық колледж басшысы:

– Ол токарь мамандығы, автокөліктерді жөндеуші мамандығы және слесарь жөндеуші мамандығы. Қазіргі кезде біздің колледж екі мекемеде жұмыс істейді. Барлығы 150 адам қабылданған. Ал осы 162/4 мекемесінде 75 адам, үш топ. Бір топ токарбь мамандығы, екі тос слесарь мамандығы бойынша.

Алдағы уақытта колледж тағы екі оқу бағдарламасы бойынша білім бермек. Сотталушылар тігінші және дәнекерлеуші мамандықтарын игере алады.

Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Жеңіс Темірболат

Сондай-ақ...