ҚМДБ үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қабылдады

Жүзден астам этнос пен 18 конфессия өкілі тұрып жатқан Қазақстан үшін діни білімнің маңызы зор. Осы орайда жауапты ведомство үздіксіз білім беру тұжырымдамасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде 9 отандық медресеге колледж мәртебесі берілді. Олардың бағдарламасы халықаралық стандарттарға сай келеді.

Ершат Оңғар, ҚМДБ төрағасының орынбасары:

- Діни сауатты көтеру үшін 9 медресе бар. Оның алтауы колледж деңгейінде. БҒМ-да тіркеліп исламтану мамандығы бойынша оқытады. медреседе шыққан түлек кез келген оқуға түсе алады. Жақында басқарма дін қызметкерлерінің ішінде діни білім беруді жетілдіру орталығын ашты.

Елімізде 3 сатылы діни білім беру мақсатында Нұр-Мүбарак университеті ашылған. Осы уақытта дейін оны 1700-ден астам түлек бітіріп шықты. Мемлекеттік қолдаудың арқасында студенттерге жыл сайын 200-ге жуық грант бөлінеді.

- Дін қызметкерлерінің ішінде де біліктілік артып келе жатыр. 4 мың дін қызметкерінің 40 проценті жоғары білім бар. Арнайы діни білім барлар 28 процентті құрайды. 30 процентке жуығы колледж бітірген. Демек соңғы жылдары діни білімнің өсуін байқаймыз.

Елімізде сапалы діни білім алуға қажетті жағдай жасалған. Мәселен, қазір республика бойынша 13 арнайы оқу ордасы бар. Бірқатар ұлттық университетте де дінтанушы мамандығын игеруге болады. Сондай-ақ әрбір  мешіттің қабырғасында арнайы курстар ұйымдастырылған. Мұндағы ұстаздар  қоғамдағы дәстүрлі емес ағымдарға еріп кетпеудің маңызын түсіндіріп, дінаралық келісімге тәрбиелейді.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ақылбек Есімсейітов

Сондай-ақ...