Жаңаөзеннің озат оқушылары еліміздің үздік мектептерінде оқиды

Бурабайдағы дарынды балаларға арналған «Iqanat» мектебінің 10-сынып оқушысы Гүлнәз Нұрғали, болашақта еліміздегі тапшы мамандықтың бірі – математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді. Ал, арманына жету жолында осындай үздік білім ошағына түскеніне дән риза.

Гүлнәз Нұрғали, «Iqanat» мектебінің 10-сынып оқушысы:

- Бұл мектеп маған өзінің орналасқан жерімен және ішіндегі барлық тәртібімен әрі тереңдетіліп оқытылып жатқан пәндерімен ұнап жатыр. Бізде ағылшын тілі және математика пәні тереңдетіліп оқылып жатыр. Осы мектепті бітіреміз дегенше ағылшын тілін 100 пайыз меңгеретініме мен өзіме сенімдімін.

Жалпы Бурабайдағы бұл мектепке Жаңаөзен қаласынан биыл 50 бала оқуға түсті. Ал, оқушыларға мұнда барлық жағдай жасалған. Жоба аясында олардың оқу ақысынан бастап жатақхана, тамағы мен киім-кешегіне дейін қордың мойнында.

Арнұр Мәденов, «Iqanat» мектебінің директоры:

- Біздің оқу бағдарламасының әдеттегі мектептерден еш айырмашылығы жоқ. Ең басты ерекшелік, мұнда ең озат оқушылар мен ең мықты мұғалімдер жиналған. Тек оқудан тыс атқа міну, садақ ату, киіз үй құрастыру секілді ұлттық дүниелерді қостық.

Ал, жаңаөзендік тағы 10 бала Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде білім алып жүр. Олар 7, 8 және 9-сынып оқушылары. Талантты балалар осындай іргелі мектептерде оқуды армандағандарын айтады.

Злиха Нұртас, Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып оқушысы:

- Мен осы математика, физика ғылымдарын бала кезден сол оқуларды жалғастыра беруді армандайтынмын. Себебі, ол ғылымдар ең ірі және керемет ғылымдардың бірі. Болашақта мен басқа ірі-ірі елдердегі білімі өте жоғары оқу орындарына түскім келеді.

«Жарқын болашақ» жобасының игілігін көрген жаңаөзендік балалардың қалғаны елдегі ең үздік колледжерге оқуға түскен. Олардың көбісі техникалық мамандықтарды таңдаса, тағы біразы республикалық өнер колледждеріне және олимпиадалық резервтегі республикалық спорт мектеп-интернаттарына қабылданды. 

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко