loader


БҚО-да мектептер талапқа сай емес

БҚО-да  97 мектепте спорт залы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру мекемелерінің 30% интернет жылдамдығы төмен. Салаға мониторинг жүргізген мамандар осылай дейді. Мектептердің тең жартысында зертхана қарастырылмаған. Ал арнайы кабинеті бар мектептердің 64% жабдықтар әбден ескірген. 6 мектеп апатты жағдайда тұр. Оның төртеуі Қазталов ауданында. Облыс бойынша тағы 10 мектепте балалар үш ауысыммен оқып жатыр. Сала басшысы жаңа ғимараттар құрылысы мен жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты.

Бұлбұл Күзембаева, БҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

- Ағымдағы жылы бюджет есебінен салынып жатқан мектептердің құрылысынан үш апатты мектептің, бір үш ауысымды мектептің проблемаларын шешу жоспарланған. 2022 жылы күрделі жөндеумен қамтылған 15 мектептің жаңа оқу жылына үшеуі аяқталып, қолданысқа берілді. Екі мектепте 2023 жылы қаңтар-ақпан айларында аяқталу керек болса, келісімшарт бойынша қалған мектептерде қазан, қараша, желтоқсан айларында аяқталуы жоспарланған. 

 

Сондай-ақ...