Биыл 17 студенттік жатақхана салынады

Биыл жыл соңына дейін 5 мың орындық 17 жатақхана салынады. Бұл жөнінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомство жетекшісінің сөзінше, қазір 104 университетте 209 студенттік жатақхана бар. Онда 101 мың білім алушы тұрады. Дегенмен 87 мыңнан астам орын жетіспейді екен. Енді орын тапшылығын шешу үшін министрлік биыл тағы бірқатар нысанды қолданысқа енгізбек ойда. Олардың құрылысына жеке инвесторлар тартылмақ. Ол үшін Президент тапсырғандай, тиісті рәсімдерді оңтайландыру пысықталып жатыр.

Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі:

– Қазіргі таңда кез келген жекеменшік компания келіп, жатақхана соғуға мүмкіндігі бар. Біздің қаржы орталығымыз 8 жылдың ішінде сол қаржылай көмектеседі. Біздің ЖОО 8 жыл ішінде 100 пайыз студенттермен қамтамасыз етуге сондай міндеттемелеріміз бар. Бірақ бұл шарттар мердігерлерге қызық емес. Өйткені құрылыс материалдары өсіп кетті.